$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 52 жастағы әйел танысының үйін өртеп «кек алған»

Үй иесіне келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңге деп бағаланды.
фото: ktk.kz
фото: ktk.kz

Ақмола облысында 52 жастағы әйел танысының үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 мамырда Ақкөл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 31 жастағы әйелден Ақкөл қаласындағы үйін біреулердің өртеп жібергені туралы арыз түскен. Үй иесіне келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңге деп бағаланды.

«Жедел іздестіру шарасы кезінде тәртіп сақшылары аталмыш үйді 52 жастағы әйелдің өртегенін анықтады. Қылмыс кезінде үйде ешкім болмаған. Қаскөй үйді зардап шегушімен арадағы өзара кикілжің үшін өртеген», - деп мәлімдеді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары