$ 494.87  520.65  4.91

Балық аулауға шыққан зейнеткер суға батып кетті

Жеке құтқару құралдарынсыз темір қайықпен балық аулаған.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

2 маусым күні Қостанай облысы Федоров ауданында “Три девицы” көлінде Владыкинка ауылында тұратын 1955 жылы туған балықшы суға батып кетті, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл су айдынынан сегіз шақырым жерде болды. Куәгерлердің айтуынша, ол балықтың уылдырық шашуы кезінде жеке құтқару құралдарынсыз темір қайықпен балық аулаған.

Оның жоғалғаны туралы хабарлама Федоров ауданының ТЖ бөліміне 2 маусым сағат 19:36-да келіп түсті. Оқиға орнына жергілікті құтқарушылар мен жедел-тергеу тобы шықты. Суға батып кеткен адамның денесі 3 маусымда сағат 02.30-да табылған, оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жазғы балық аулауды ұнатушыларға балық аулаудағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Міндетті түрде қайықта құтқару шеңбері, белдігі немесе кеудешесі, шелегі немесе суды соруға арналған басқа да ыдысы болуы керек. Суға шомылу кезінде және балық аулауда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Есіңізде болсын – сіздің қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары