$ 444.32  473.33  4.76

«Қазпошта» кеңсесінде екі қыз апыр-топыр төбелесе кетті (ВИДЕО)

Шаш жұлысқан екеудің «Қазпошта» операторы мен сонда тәжірибеден өтіп жүрген машықтанушы екені анықталды.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Балқаш қаласындағы «Қазпошта» филиалының бірінде екі қыздың төбелесіп жатқан видеосы жарияланып, желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

Шаш жұлысқан екеудің «Қазпошта» операторы мен сонда тәжірибеден өтіп жүрген машықтанушы екені анықталды.

«Оқиға Балқаштағы бөлімшелеріміздің бірінде болды. Жанжалды тәжірибеден өтіп жүрген қыз шығарған. Ол операторға шабуыл жасап, ал оны біреу түсіріп алған. Біз мәселені шештік.

Тәжірибеден өтуші қыз жұмысынан шеттетілді, ал операторға сөгіс жарияланды. Қазір барлық бөлімшелер бойынша қызметкерлермен профилактикалық әңгіме өткізіп, клиенттерге сапалы қызмет көрсету бойынша оқытып жатырмыз», – деп хабарлады «Қазпоштаның» баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары