Алматыда көлік мінген тағы да бір топ түлек жол ережесін бұзды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жастар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен, төбесіндегі терезесінен шығып алған. Олардың кейбірі қарама-қарсы жолаққа шығып, дабылдарын қосқан.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол ережесін бұзғандарға қатысты шара қабылдайтындығын мәлімдеді. Мұның алдында Медеу шатқалында жүріп бара жатқан көліктің терезесінен шығып алып жол ережесін бұзғандар ҚР ӘқбК бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылған болатын.