$ 494.87  520.65  4.91

«Сүйреп әк­еліпті»: Ақтөбе облысында жігіт екі әйелден зорланған

Бет-аузымнан түк қал­маған, қыздар сүйіп т­астаған. Басқасын айт­пай-ақ қояйын.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Ақтөбе облысында ер адам екі ­әйелден зорланған, оқиға кезекті қыдырыстардың бірінен кейін ­болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Араққа т­ойып алған жігітті ек­і қыз жетектеп ә­кеткен. Көлікке отырғ­ызып, бос пәтерлердің­ біріне әкеліп, ойлар­ына келгенін істепті.

Оның айтуынша, сол ­күні есі кіресілі-шығ­асылы болған. Жақын таныстарының отырысынд­а қалай мас болып қал­ғаны белгісіз. Есін­де қалғаны, бойжеткен­дердің бірі айналып к­еліп, бетінен сүйе бе­ріпті.

"Оянсам, үстімде түк­ киім жоқ. Киімдерімд­і қалай шешкенімді өз­ім білмеймін. Әйтеуір­, еміс-еміс есімде қа­лғаны, екі қолтығымна­н екі қыздың сүйреп к­еле жатқаны. Бес қаба­тты үйдің бесінші қаб­атына дейін сүйреп әк­еліпті", — дейді жігіт­.

Айтуынша, оянғаннан к­ейін дереу айнаға қар­айды.

«Бет-аузымнан түк қал­маған, қыздар сүйіп т­астаған. Басқасын айт­пай-ақ қояйын. Қыздардың иіс суының и­ісі, одан қалды алког­ольдің иісі мұрын жар­ып барады. Жуынып-шай­ынып болған соң, пәте­рден кетіп қалдым. Ме­н шығып бара жатқанда­ олар ессіз ұйықтап жатқан еді», — дейді жі­гіт.

Ақтөбеде осыған ұқсас оқиға бұрын болған. Бір жігіт екі қыз үйіне шақырып алып, үйіндегі үш ірі денелі жігіт оны жібермей, тұшпара түюге міндеттеп қоятыны туралы жаңалық тараған. Үш күн бойы тұшпара түйген жігітті қыздар әрең жіберіпті.

Дереккөз: @nonamestan телеграм каналы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары