08.06.2020, 13:00

Алматыда карантин кезінде 500-ден аса отбасы ажырасты

Фото: ашық дерек көзі
Өңірлер бойынша аталған екі көрсеткіш бойынша да Алматы көш бастап тұр.

Алматы қалалық Әділет департаменті карантин кезінде ажырасқандар санын хабарлады. 

«Үш айда: наурыз, сәуір, мамыр 2 367 жұп шаңырақ құрып, 536 отбасы ажырасты. Оның 309-ы сот шешімі бойынша. Карантин кезінде ажырасулар саны екі есе қысқарды. Кейде өтініш бергендер процеске келмей қалады. Ал отбасын құру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ», – деп Әділет департаменті мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 2019 жылы елімізде 139,5 мың жұп отбасын құрып, 60 мың жанұя ажырасқан. Өңірлер бойынша аталған екі көрсеткіш бойынша да Алматы көш бастап тұр. Мегаполисте шаңырақ көтергенде 1,2%-ға артса, жұбын жазғандар саны да 9,1%-ға өскен. 

Тегтер: ажырасу