$ 494.87  520.65  4.91

Сотталушы түрме қарауылдарының аузын аңқитып кетті

Ол басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде (қоныс колониясында) қылмыстық жазасын өтеп жатқан.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

2020 жылы 4 маусымда Қостанай облысында түрмеден қашып кеткен 1994 жылғы Сариманов Нұрсұлтан Сағдатұлы іздестірілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Нұрсұлтан Сариманов біреудің мүлкін ұрлағаны үшін істі болған. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен деңгейдегі мекемеде өтеп жатқан.

Бұл факт Қостанай қаласы Ішкі істер департаменті Оңтүстік полиция басқармасының бірыңғай тізіліміне тіркелді, ҚР ҚК 427-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның тұрған жерін анықтау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Сариманов Н.С-ның қай жерде екендігі туралы ақпарат білетіндер болса, мына: 8-7142-21-01-06, 8-701-190-72-38, 8-708-257-67-15 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуыңызды өтінеміз, - делінген облыстық ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қашқын #түрме