$ 494.87  520.65  4.91

Иттен қашамын деп шұңқырға түсіп кеткен жігіт алты күн аш отырған

Алайда оның дауысы шұңқырдың ішінен әрі аспай, ешкім естімеген.
Фото: Gulf news
Фото: Gulf news

Балиде 29 жастағы британдық Джейкоб Робертс төрт метр тереңдіктегі құдыққа түсіп кетіп, ол жерде нәр татпай алты күн отырған. Робертс мұндай жағдайға иттен қашамын деп душар болған деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Джейкоб Робертстің айтуынша, құдыққа түсіп кеткен ол айқайға басып, көмек сұраған.

Алайда оның дауысы шұңқырдың ішінен әрі аспай, ешкім естімеген. Тек алты күннен соң, құдықтың жанынан жаяу өтіп бара жатқан жергілікті шаруа ер адамның дауысын естіп, назар аударған.

Жағдайдың мән-жайын түсінген шаруа лезде құтқарушыларды шақырған. Робертс алты тәулік бойы нәр татпаған.

Құтқарушылар оны алып шыққан кезде жігіттің әлсірегенін сезіп, жүдеу күйін байқаған. Белгілі болғандай британдық азамат 4 метрден биіктіктен құлаған кезде аяғын сындырып алыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары