$ 445.66  474.58  4.78

«Алаяқтар 1 млрд теңгеге жалған криптовалюта сатқан» - Ерлан Тұрғымбаев

Оның атап өтуінше, мұндай қылмыстарды ашумен елімізді Ішкі істер министрлігі құрылымында жұмыс жасайтын Киберқылмыспен күрес орталығы айналысады.
фото: ru.freepik.com
фото: ru.freepik.com

Алаяқтар 1 млрд теңгеге жалған криптовалюта сатқан. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Оқшаулану режимі кезінде қашықтан сатып алу, онлайн қызметтер тәжірібиесінің таралуы интернет алаяқтар санының еселеп өсуіне сеп болғандығын атап өткен орынды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездеуде.

Оның атап өтуінше, мұндай қылмыстарды ашумен елімізді Ішкі істер министрлігі құрылымында жұмыс жасайтын Киберқылмыспен күрес орталығы айналысады. 

«Күні кеше ғана Алматыда интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған топ әшкере болды. Қылмыскерлер жалған криптовалюта айналымға енгізіп, 800-ге жуық азаматтың 1 млрд теңгеден астам ақшасын иеленіп кеткен. Осыған байланысты азаматтарымызды электронды төлемдермен операция жасау барысында барынша сақ болуға шақырамын», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары