$ 498.34  519.72  4.85

Атақты актер жол апатына кінәлі екендігін мойындады

Апат салдарынан 67 жастағы жүргізуші қаза болған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Ресейлік танымал актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, оның қасындағы жүргізуші қайтыс болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөзінше, жүргізуші ми жарақатын алып, апат болған жерден ауруханаға жеткізілген. Ал актер аман-сау. Baz Telegram-каналының мәліметінше, жол апатының салдарынан Сергей Захаров есімді 67 жастағы жүргізуші көз жұмған.

 

фото: The Flow

Оқиға 8 маусымда болған. Jeep Grand Cherokee көлігінің жолаушысы қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada жүргізушісімен соқтығысқан. Сонық салдарынан сараптама жасалып, оның қорытындысы бойынша, Михаил Ефремовтің жол апаты кезінде мас болғаны анықталды.

РИА Новостидің жазуынша, сарапшылар актерді сұрақтың астына алғанда ол, нақты жауап бере алмай, күмілжіп, жол апатының алдында көлік ішінде кімдердің болғанын есіне түсіре алмаған. Дегенмен, кейіннен жол апатына кінәлі екендігін мойындаған. Ақырында ол, жол апатына актер кінәлі деп танылды, бірақ, оған орган тарапынан ешқайда кетіп қалмау керектігі ескертіліп, үйіне жіберілді. 

Қазіргі таңда жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша (мас күйінде адам өліміне әкеліп соқтырған) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы мәскеулік прокуратураның бақылауында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары