$ 444.32  473.33  4.76

«Дуалаған-ау!?»: Шымкенттегі өрт кезінде түсірілген ВИДЕО пайда болды

Өрттің аумағы 280 шаршы метрге жеткен.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Шымкенттегі "Бекжан" сауда орталығының маңындағы автотұрақтан өрт шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрт шыққан сәт түсірілген видео "smotra_shymkent" instagram парақшасында жарияланды. Видеоны көрген желі белсенділері болса, "Осы "Бекжанды" дуалаған-ау, өртене береді", "Осы базардың бағы ашылмады ғой", "Бекжаннан басқа өртейтін жер жоқ па, түсінбеймін, осы ше...", "Қашан қарасаң өртеніп жатады", "Неге осы Бекжан базарда өрт шыға береді екен?", - деп әлгі жерде өрт оқиға жиі болып тұратындығынан хабардар екендігін байқатты.

Айтпақшы, видеодан аспанға көтерілген көк түтінді байқауға болады.

Ал Шымкент қалалық  ТЖД өкілдері: "Өртті сөндіруге 70 өртсөндіруші мен 24 дана техника жұмылды. Өрттің аумағы 280 шаршы метрге жеткен. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт шамамен сағат 15.40-да сөндірілді. Себебі анықталып жатыр", - деді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары