$ 494.87  520.65  4.91

Жаңақорғанда аудан әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады

Ал Қызылорда полиция департаменті редакция сұранысына жауап беріп, өз-өзіне қол жұмсау фактісі 6 маусым күні тіркелгенін растады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады. Өңірдің полиция департаменті аталған фактіні растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желіде пайда болды. Хабарламаларда аудан әкімінің орынбасары басқа мемлекеттік қызметкермен төбелестен соң Қызылордадағы медициналық орталыққа жеткізіліп, артынша өз-өзіне қол жұмсағаны айтылған. Жаңақорған ауданы әкімдігі тергеуге сүйеніп, пікір білдіруден бас тартты. Ал Қызылорда полиция департаменті редакция сұранысына жауап беріп, өз-өзіне қол жұмсау фактісі 6 маусым күні тіркелгенін растады. 

"Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді департаменттің баспасөз қызметінде. 

Ведомство Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, сот алды тергеу жұмыстарының басқа мәліметтерін таратуға тыйым салынғанын да айта кетті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары