$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте біреулер көшеде кетіп бара жатқан әйелдің тісін сындырып, зорлап кеткен

Қылмыскерлер оны өлді деп ойлап, денесін бұтақтармен жауып кеткен.

Шымкентте белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан келіншекті өлімші етіп сабап, зорлап кеткен. Әйелді жәбірлегендер тіпті, оның басына целофан пакет кигізіп, тұншықтырып өлтірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жантүршігерлік оқиға жайында "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының өкілдері әлеуметтік желіге жариялады. Фейсбук әлеуметтік парақшасында жарияланған ақпаратта қылмыстық оқиға 26 мамыр күні болғаны хабарлаған. Жәбірленуші кешкісін өз үйіне бара жатқан кезде оған бір топ адам шабуыл жасаған. Олар әйелді ұрып-соғып, целлофан пакетпен тұншықтыруған тырысқан. Тісін түк қалдырмай сындырып, жағының үш жеріне жарықшақ түскен. Миы шайқалып, есінен танып қалған. Қылмыскерлер оны өлді деп ойлап, денесін бұтақтармен жауып кеткен. Алайда сау тамтығы қалмаған әйел есін жинап, әрең дегенде үйіне жетіпті.

 «Оның бетінің сау-тамтығы қалмаған. Бұл жағдайды көрген күйеуі мен балалары жағаларын ұстап отыр. Жәбірленушінің жолдасы егер әйелі қайтыс болған болса, оны тек қана денесіндегі қалы мен киімдері арқылы тануға болатынын айтқан. Зардап шегушінің өзі де қорқып алған. Бастапқыда ол, қорыққаннан қылмыс фактілерін жоққа шығарып, тіс жарып ештеңе айтпады және әлі күнге дейін жауап бермеді», - делінген қор өкілінің парақшасында

Ал қорға ватсап желісі арқылы жіберілген суреттерге денең тітіркенбей қарау мүмкін емес. Келіншектің беті мен денесінде көгерген белгілер көп. Ондағы жазбаларда жәбірленушіні қатты ұрғаны соншалық, қабырғалары сынып кеткенін көрсеткен. Сондай-ақ тістері түгел сынып, жақ сүйектері салбырап қалғаны айтылған.

 Жәбірленушінің тек ауырғанды басатын екпемен ғана күнелтіп келе жатқаны жазылған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әзірге күдіктілер ұсталмаған. Ресми ақпарат қалалық прокуратураның келісімін алуға жолданған. Қазіргі кезде бұл істі Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алған.
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент