$ 443.85  474.3  4.8

Шығыс Қазақстан облысында 81 жастағы әжейді ұрып кетті (ВИДЕО)

Зардап шегуші оқиға туралы полицияға өзі хабарлаған.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үлкен Бөкен ауылында жалғызбасты кейуананы ұрып, тонап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасы сілтеме жасап. 

81 жастағы қарт әжейдің үйінің кіреберіс есігін бұзып кірген қаскөй одан ақша мен алтын бұйымдар талап етіпті. Ал бағалы ешнәрсе таппаған соң, зейнеткерді соққыға жығып, қарапайым әсемдік бұйымдарын қолды қылған.

Зардап шегуші оқиға туралы полицияға өзі хабарлап, күдіктінің қандай киімде болғанын айтып беріпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары