$ 449.58  486.94  4.86

Ертіс орманынан алапат өрт шықты

Қазіргі уақытта қорықтың күштері мен «Казавиалесохрана» РМҚ орман өртін сөндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

13 маусымда "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи паркі аумағында алапат өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкет Дәлдахметтің хабарлауынша, өрт  12:55 шамасында шыққан. Оның facebook парақшасындағы дерекке сүйенсек,  өрт Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Шалдай филиалының Галкин орман шаруашылығынан шыққан. 

Қазіргі кезде орман өртін сөндірі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орман өртін сөндіруге 6 адамнан тұратын МИ-2 тікұшағы, 5 өрт сөндіру машинасы, өрт сөндіру техникасы бар 2 трактор және 2 автомобиль жұмылдырылған.

Тағы оқи отырыңыз: Қостанай облысында үш адам тірідей өртеніп кеткен

Орман өртін сөндіруге қатысқандар туралы ақпараттар әлі де анықталып жатыр. Өрттің шығу себебі - найзағайдың түсуінен. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 10 м / с, өртті табу кезінде ауа температурасы + 34 С болды.

Алдын ала болжам бойынша, 100 га (орман дақылдары) жерді өрт шарпыған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары