$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде қарулы адам жайбарақат тұрған әйелдің зәре-құтын қашырды (ВИДЕО)

Абырой болғанда қаруланған ұры ұсталды.

Өскеменде белгісіз біреу дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, сөмкесінен көлемді қару шығарды. Сол арқылы сатушының зәре-құтын қашырып, дүкенді тонаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарақшылық шабуыл 13 маусымда кешкі сағат 18:20 шамасында Өскемендегі Гагарин бульвары маңында орналасқан дүкендердің бірінде болған. Оның өрескел әрекеті видеокамераға түсіп қалған. Бұл туралы Өскемен қалалық полиция бөлімінің бастығы Даур Ибраев instagram парақшасында мәлімет жариялады.

Әлгі видеодан белгісіз бір ер адамның дүкенге кіріп, сөмкесінен қару шығарып, әйелді қорқытқанын байқауға болады. Одан қорыққан сатушы бастапқыда сөрелердің арасына жасырынып, шамалы уақыттан соң дүкеннен шығып кеткен. Осы сәтті орайлы пайдаланған ұры, дүкен сөресіне секіріп түсіп, кассаны ашып, ондағы ақшаларды алып, тайып тұрған.  

"Шынында да, Гагарин бульвары орналасқан дүкендердің біріне атыс қаруына ұқсас затпен белгісіз біреу шабуыл жасады. Соның салдарынан ақша ұрланды. Криминалдық полиция қызметкерлерінің оперативті түрде іске кірісуінің арқасында
1983 жылы туған облыс тұрғыны ұсталды", - деді полиция полковнигі Даур Ибраев.

Бір ескерте кетерлігі, ШҚО Полиция департаменті оқиғаның шынайылығын растады.  Абырой болғанда қаруланған ұры ұсталды.
 
Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалған. ҚР қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары