$ 494.87  520.65  4.91

Екінші рет тұрмыс құрған келіншектің аянышты халі көпшілікті бейжай қалдырмады

Ақыры амалы таусылған Ұлпан 22 жастағы інісі тұратын жерге қашып келеді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық және дағдарыс орталығын паналаған мүгедек келіншектің оқиғасы ешкімді бейжай қалдырмады. Екінші рет тұрмысқа шыққан Ұлпан (аты-жөні өзгертілді) күйеуінен қорлық көріп, қақаған қыста далада түнеуге мәжбүр болыпты, жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ұлпанның бірінші некесі де сәтсіз болды. Кейін ол, төрт жасар ұлы болса да, екінші рет тұрмысқа шыққан. Алайда, онсыз да мүгедектігі бар келіншекті жолдасы аяусыз ұрып-соғып, кішкентай ұлын да таяқтың астына алған. Соның салдарынан, төрт жасар бүлдіршін бас-ми жарақатына ұшырайды.

Ұлпанның ата-анасы ажырасып кеткен. Бүгінде әрқайсысы өз отбасымен күн көріп жатыр. Өкініштісі сол, Ұлпанға көмек қолын созуға әкесі де, шешесі де мүдделі емес. Ал 2019 жылы ол екінші жолдасынан жүкті болып, дүниеге қыз бала әкеледі. Бірақ өз сәбиінің өмірге келгеніне күйеуі қуанбаған. Жолдасы қыстағы аяз бен боранға қарамастан, Ұлпанды далаға қуып жіберуін тоқтатпайды. 

Тағы оқи отырыңызl: Шымкентте біреулер көшеде кетіп бара жатқан әйелдің тісін сындырып, зорлап кеткен

Ақыры амалы таусылған Ұлпан 22 жастағы інісі тұратын жерге қашып келеді. Ол полиция қызметкелеріне хабарласып, келіншекті балаларымен бірге Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығына жеткізген. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көше кетіп бара жатқанда белгісіз біреулер ұстап алып, ұрып-соғып, тістер түгелдей сынып қалған келіншек туралы жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары