17.06.2020, 14:20

Нұр-Сұлтан қаласында ГАЗель отқа оранды

Куәгерлердің айтуынша, ГАЗель "12 месяцев" дүкенінің маңында өртенген.

Нұр-Сұлтанда ГАЗель өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ГАЗель "12 месяцев" дүкенінің маңында өртенген.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірілді. Ведомство толығырақ мәліметті кейінірек беруге уәде берді.