Оқиғалар 18.06.2020 сағат 18:20

Шымкентте екі қызды зорламақ болғандар ұсталды

Екі жайт та бір күні, әртүрлі жерлерде және әртүрлі уақытта жасалды.
Шымкентте екі қызды зорламақ болғандар ұсталды
Фото: polisia.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгісіз адам жасөспірім қыздарды зорламақ болды 

Шымкентте екі кәмелетке толмаған қызға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 маусымда полицияға белгісіз адам жасөспірім қыздарды зорламақ болғаны туралы ақпарат түскен. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен “Жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ол қылмыстың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жиырма жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды не өмір бойына басбостандығынан айыруды көздейді.

Сол күні полиция қызметкерлері 5 жастағы және 8 жастағы жасөспірім қыздарға қатысты жасалған қылмысты ашу үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған арнайы жедел-тергеу тобын құрды.

Күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, қылмыс орын алған аудандағы тұрғын үйлерді тексерді. Жедел-тергеу тобының жедел іс-қимылының, сондай-ақ азаматтар көмегінің арқасында аталған қылмыстарды жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 1988 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Бұрын сотталмаған, жұмыссыз, үйленбеген. Ұсталған адам өз қылмысын мойындады.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Айта кету керек, екі жайт та бір күні, әртүрлі жерлерде және әртүрлі уақытта жасалды. Күдікті ата-анасының бақылауынсыз жүргенін пайдаланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түрлі сендіру сөздермен көндіріп, таса жерлерге алып кеткен.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар