$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысында пойыз 21 бас қойды басып кетті

«Мал иесі отар қойды темір жолдың бұрылыс бөлігінде жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді Көліктегі ПД бастығының орынбасары.
фото: today.kz
фото: today.kz

Қарағанды облысында пойыз бір отар қойды таптап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл 17 маусымда «Новалы – Сарышаған» өткелінде жолаушылар пойызы 21 бас қойды басып кетті. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, малдың иесі анықталды. Ол 30 жастағы Қарағанды облысы Сарышаған кентінің тұрғыны болып шықты. Мал иесі отар қойды темір жолдың бұрылыс бөлігінде жайғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деді бейсенбіде Көліктегі ПД бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев.

Оның айтуынша, азаматтардың бейқамдығы және үй малдарын теміржол бөлігіне жіберуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Теміржол аса қауіпті аумақ болып саналады. Бұл жөнiнде көлік полицейлері үнемі ескертіп отырады. Пойыздың малды басып кетуі салдарынан жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуіне, адамдар жарақаты сияқты ауыр жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін», - деді Нұржан Әлібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары