$ 494.87  520.65  4.91

Несиесін өтеуге ақша таппаған маңғыстаулық әйел сәбиін сатқысы келген (ВИДЕО)

Нәрестені асырап алушы оған берешегін төлеп беруге уәде беріпті.
фото: ашық дерек көзі
фото: ашық дерек көзі

Маңғыстауда жас босанған әйел өзінің жаңа туған сәбиін несиесін өтеу үшін сатып жібермек болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Мұнайлы ауданында тіркелген. 32 жастағы келіншек банкке 907 мың теңге қарызын баласын сатып жаппақ болған. Нәрестені асырап алушы оған берешегін төлеп беруге уәде беріпті.

Алайда, келісім орындалмай, шақалақтың анасы баласын қайтарып алу үшін полицияға шағым түсірген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары