$ 494.87  520.65  4.91

Ішімдікке сылқия тойған азамат анасын ұрып тастаған

Қазіргі таңда оның қатыгез ұлына қатысты іс қозғалып жатыр.
Фото: хабар 24
Фото: хабар 24

Қызылордалық ер азамат өзінің туған анасын соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

32 жастағы азамат ішімдікке сылқия тойып алған күйі анасын ұрып тастаған.  Ең сорақысы, ол бұған дейін де кейуананы бір емес, бірнеше рет ұрған көрінеді. Төзімі таусылған зейнеткер үйінен бас сауғалап, күйзеліс орталығына пана сұрап барыпты. Қазіргі таңда оның қатыгез ұлына қатысты іс қозғалып жатыр. Десек те мұның өзінде әжей баласын жазаламауды өтініп, оның ішімдікке тәуелділігін дәрігерлер емдеп шықса дейді. 

Бұл туралы жергілікті полиция басқарма басшысының орынбасары Бақыт Молдабеков пікір білдірді. 

"Қазір "Зорлыққа жол жоқ" іс-шаралары жүргізілуде. Үйдегі ұрыс керістердің 70%-ы ішімдіктің кесірінен орын алады. Қазір біз профилактикалық тіркеуде тұрған азаматтарды тексерудеміз. Олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз", - деді Бақыт Молдабеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары