$ 494.87  520.65  4.91

Бас дәрігер Ақтөбе ауруханасында түсірілген атышулы видеоға түсініктеме берді (ВИДЕО)

Оларда кадр проблемасы бар.
Фото: sputnik
Фото: sputnik

Қазақстандықтар Ақтөбенің теміржол ауруханасында түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр. Видеода дәрігерлер адам жетіспейтінін айтып, науқастарды қабылдаудан бас тартқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігер дауыс көтере сөйлеп, пациенттерді Ақтөбе медицина орталығына апаруды талап еткен. Ал науқастар болса, аурухана дәлізінде жөтеліп жатыр.

"Қабылдау бөлмесінің дәрігері жоқ. Алып кет. Ақтөбе медицина орталығына апарыңдар, оларда үш жансақтау бөлімі бар. Бізде тек біреу ғана", - дейді видеодағы дәрігер.

Алайда жедел жәрдем Ақтөбе медицина орталығы да науқастарды қабылдамайтынын жеткізді. Мұны қабылдау бөлімінің қызметкерлері де растаған.

Ақтөбе медицина орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев атышулы видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Айтуынша, орталық дәрігерлеріне науқастарды сағат 17.00-ге дейін қабылдау туралы бұйрық берілген. Кешкі бестен кейін пациенттер теміржол ауруханасына жатқызылуы тиіс болған.

"Біздің дәрігерлер беске дейін науқастарды қабылдап, жаңа түскендерді қарау үшін жоғары көтерілді. Бірақ теміржол ауруханасы пациенттерді қабылдамай қойған. Оларда кадр проблемасы бар", - деді Исаев.

Осыған байланысты медицина орталығының басшылығына науқастарды қабылдау туралы тапсырма берілген.

"Мен өзім кеше кешке осында болдым. Барлығын қабылдап, көмек көрсеттік", - деп сендірді ол.

Ақтөбе медицина орталығы провизорлық госпиталь ретінде жұмыс істейді, пневмониясы бар адамдарды қабылдайды. Жұма мен сенбі күндері мекемеге 210 пациент түскен. Ал төсек-орын саны –  небәрі 320. Орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Бұған дейін елорданың денсаулық басқармасы инфекциялық және провизорлық стационарларда екі мың төсек-орын барын хабарлаған болатын. Оның 90%-і вирус жұқтырған науқастарға толған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары