$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда «Инфинити» тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан ер мен әйел секіріп кетті (ВИДЕО)

31 жастағы ер адам мен 34 жастағы келіншек бірге тұрғаны белгілі болды. Пәтерді қарау барысында басқа адам анықталмады.

Елордада көпқабатты тұрғын үйден әйел мен ер адам секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 маусым күні сағат 19.22-де қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 7 адам және 2 техника суицидке барғалы тұрған әйел туралы хабар бойынша Қабанбай батыр, 40 мекенжайына («Инфинити» тұрғын үй кешені) шықты.

Сегізінші қабаттағы терезеден әйелдің секіруге оқталып тұрғаны анықталды. Құтқарушылар дереу «өмір кубын» (ауа толы жастықша) дайындады. Себебі, автосатыны ашуға тұрақтағы көлік кедергі жасады. Әйел құтқарушылардың әрекетін байқап, ауланың келесі бетіне ауысты және айтылып жатқан сөздерге мән бермеді», - деді Төтенше жағдай департаментінен.

34 жастағы келіншек төменге секірген. Ол құтқарушылар дайындаған ауа жастықшасына құлап, екпінмен жертөлеге кіреберісте орнатылған күнқағардың үстіне түскен. Ол бірден жедел жәрдем көлігіне жатқызылды. ТЖД-дан мәлім еткендей, келіншек туралы хабар түскенге дейін жоғары қабаттан ер адам құлаған.

«Аталмыш хабар түскенге дейін жоғары қабаттан ер адам құлады (немесе секірді). Оны да жедел жәрдем көлігі алып кетіп, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта келіншек пен ер адам №2 қалалық көпсалалы ауруханада жатыр. Ер адамның жағдайы ауыр. Әйелге медициналық тексеру жүргізілуде», - делінген ақпаратта.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының Полициця департаменті: «Полицияға сағат 18.45-те Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің 8-қабатынан ер адам құлап кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу шұғыл қызметтер шықты. Ер адамнан кейін 40 минут өткен соң дәл сол терезеден әйел секіріп кетті. Ол Төтенше жағдайлар қызметі дайындаған ауа жастықшасына түсті. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

31 жастағы ер адам мен 34 жастағы келіншек бірге тұрғаны белгілі болды. Пәтерді қарау барысында басқа адам анықталмады. Оқиғаның мән-жайы тексеріледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») сотқа дейінгі амалдар басталды», - деп мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары