Елордада көп қабатты үйден секірген ер адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ал артынан дәл солай суицид жасағысы келген әйел медицина мамандарының бақылауына алынды. Айта кетейік, күні кеше «Инфинити» тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел адам құлады.
Тағы оқи отырыңыз:
Нұр-Сұлтанда «Инфинити» тұрғын үй кешенінің 8-қабатынан ер мен әйел секіріп кетті (ВИДЕО)
Төтенше жағдайдар департаментінің мәліметінше, кейінгісі құтқарушылар сөзіне құлақ аспаған. Бірақ арнайы батутқа құлап, аман қалды. Терезеден секіргендер бірге тұрып келгені белгілі болды.