22.06.2020, 18:20

Бір-біріне жол бермей жарысқан екі автобус соқтығысып қалды

Фото: aikyn.kz
Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Қостанай қаласында екі автобус соқтығысты, – деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бүгін КСК шағын ауданында Қобыланды батыр көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктер қатты жылдамдықпен жарысып келе жатқан.

«Mercedes маркалы №13 маршруттық автобусының 61 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Volvo маркалы автобуспен соқтығысты. Полиция қызметкерлері іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік материал жинады. Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», – дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.