$ 444.32  473.33  4.76

Қостанай облысында өрттен 2 кейуана көз жұмды

Оқиға орнында 1937 жылы туған және 1936 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды.
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Екі әйел Әулиекөл ауданында өрттің құрбаны болды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат поралы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 маусым сағат 04:12-де “101” пультіне Әулиекөл ауылында Қостанай көшесі бойындағы жеке тұрғын үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру есебі келгенде бір қабатты тұрғын үй ашық отпен толық қамтылды. Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады, өрт сөндірушілер екі газ баллонын алып үлгерді. Бір газ баллоны өрт сөндіру көмегі келгенге дейін жарылған. Өрт сағат 05-52 мин. те толығымен жойылды.

Оқиға орнында 1937 жылы туған және 1936 жылы туған екі әйелдің мәйіті табылды.

Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамнан сегіз адам және екі бірлік техника жұмылдырылды. Өрт себебі мен материалдық шығын анықталуда. Қостанай облысы ТЖД тұрғындарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Отты пайдалануда мүмкіндігінше сақболыңыздар.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары