25.06.2020, 10:00

Жолдан жүгіріп өтпек болған жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Фото: zakon.kz
Әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Азамат Қабетов Оңтүстік астанадағы Саин-Төле би көшелерінің қиылысында әйелді жеңіл көлік қағып, жаяу жүргінші қайтыс болды. Оқиға жерасты өткелінің жанында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Марқұм жолды рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болғаны белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дәл жерасты өткелінің үстінде орын алған. Басылымның мәліметінше, Hyundai көлігі Саин көшесі бойымен солтүстік бағытта жүйткіп келе жатып, Төле би көшесіне жетпей әйелді қаққан.

Корей автокөлігі соққаннан кейін 1954 жылы туған жаяу жүргінші бүйірге құлап түскен. Әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс жүргізді.