$ 484.11  528.79  5.03

Бетіне екпе салдыртқан қыз адам танымастай өзгеріп кетті

Бойжеткен өзінің жаңа түрін туыстарының қалай қабылдағанын видеоға түсіріп, ТikTok желісіне жариялаған.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru

19 жастағы София Маррокуин өзінің дөңгелек бетіне риза болмай, арнайы маманның көмегіне жүгініп, бетінің пішінін сәл өзгертпек болыпты. Алайда косметикалық процедураның нәтижесі өзі ойлағандай болмай шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

София, өзін түбегейлі өзгертуді қаламаған. Тек екпе арқылы бетіндегі артық майды кетірмек болыпты. Ол үшін бойжеткен арнайы косметолог маманның көмегіне жүгінген.

Десе де, бұл процедура да София үшін оңайға соқпаған. Себебі екпенің өзі ол үшін ауыр болған.

Ал маманның кабинетінен шыққан кезде арудың беті бірден көгеріп кеткен. Айтуынша, жасатқан процедурасы бет пішінін өзгертіп, иектегі екінші қабаттан арылтуы керек болған.

Алайда София үйге келген кезде жағы ісіп, беті төртбұрышты болып қалған. Бұны көрген Софияның ата-анасы мен жақындары шошып, үрейлене бастаған. Ал бойжеткен өзінің жаңа түрін туыстарының қалай қабылдағанын видеоға түсіріп, ТikTok желісіне жариялаған.

Желі қолданушыларының бірі оны демеп, қолдаса, енді бірі орайы келгенде әзілдеп қалуды жөн көрген. Десе де, София мойымай, жуырда бетінің қалыпқа келетініне сенімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары