$ 444.22  476.38  4.82

Қарағандыда күзет көлігіне шабуыл жасаған қарулы қарақшылар іздестіріліп жатыр

Олар күзетшілер ірі мекеменің тапсырысымен алып келе жатқан қомақты соманы қолды қылған. Онымен қоса қару-жарақтарын да іле кетіпті.

Қарағандыда тапа-тал түсте күзет көлігіне шабуыл жасалды. Күдіктілер қорғау қызметінің көлігін басқа машинамен бетпе-бет соғып тоқтатыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Куәгерлердің айтуынша, «ВАЗ-2110» көлігінен қаруы бар екі жігіт жүгіріп шығып, күзет көлігін тінтіп, содан кейін қарасын батырған.

Олар күзетшілер ірі мекеменің тапсырысымен алып келе жатқан қомақты соманы қолды қылған. Онымен қоса қару-жарақтарын да іле кетіпті. Алматы қаласының тіркеуіндегі нөмірі бар автокөліктерін оқиға орнында қалдырған. Ол ұрланған көлік болуы мүмкін. Ал екі күзетші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер қарақшыларды жабыла іздеп жатқанын ғана айтты. 

«Қылмысты ашу және күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашқаннан кейін нақтырақ айтуға болады. Әзірше тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат айтылмайды», - деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары