$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда оқыс оқиға салдарынан екі адам қаза болды

Полиция департаментінен 20 қызметкер мен төрт арнайы техника шықты.

Маңғыстау облысында газ жарылысынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz, ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.40-та Мұнайлы ауданының Баянды ауылы маңында "Матайбаев" базасында болған. "Көлемі 40 текше метр стационар ыдыстан сұйытылған газды автоцистернаға айдау кезінде газ шығып, ауамен қосылған соң жарылыс болды, өрт шыққан жоқ", - деп хабарлады ТЖК өкілі.

Салдарынан 1974 жылғы ер адам мен 1987 жылғы Өзбекстан азаматы көз жұмды. Оқиға болған жерге облыстық ТЖД жеке құрамынан 13 адам мен екі өрт сөндіру техникасы, Полиция департаментінен 20 қызметкер мен төрт арнайы техника шықты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары