Желіде келіншектердің көйлегін киіп, шаш жалғап алған азаматтың видеосы тарап, көпшілік наразылығын тудырды. Бейнежазба кадрларына сәйкес, оқиға елордада орын алған. Ер адам сауда орталығының алдында қолына ақ қағаз ұстап, ел назарын өзіне аударған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ғаламтор кеңістігінде шу тудырған видеомен белгілі тележүргізуші Ерқанат Көпжасар өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Онда жасыл түсті көйлекпен Нұр-Сұлтандағы "Ханшатыр" сауда орталығының алдында ақ қағаз ұстап тұрған азаматты көруге болады. Ер адамның қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар оған қайта-қайта жалтақтап, таңғалып қарауда.
Бейнежазба астына ол мынадай жазба қалдырды: "Астананың тұрғыны жануарларды қорғауға шақырып тұр", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әйел болып киініп, ел алдына шыққан азаматты аяусыз сынап тастады. Олар оның қылығын ер адамға сай емес екенін айтып, жағымсыз пікірлерін жаудырған.
Тағы оқи отырыңыз: «Бізді ешкім қабылдамайды»: Екі қазақ жігіті өздерінің «гей» екендігін мойындады (ВИДЕО)
«Бәрі кеш болып кетпесе...»: «Гей жігіт сүйіктісіне» қосылу үшін елден көмек сұрады (ВИДЕО)
"Қолдағы қағазы басқаны айтып үстіндегі киімі басқа нәрсені насихаттап тұрғандайма қалай?" , "Өзінің адамға ұқсағаны шамалы", "Қызтекелерді насихаттап тұр ғой", "Осындайларды қалай азамат дейсің", "Қылығы мүлдем ер азаматқа тән емес" , "Өкінішті, бұл бүгінгінің азаматтарының көрінісі", "Сөз жоқ. Әбден намыстай жұрдай", "Намысшыл ерлеріміз қайда кеткен? Ер адамдарымыз әйелдерге еліктеп бара жатыр", "Айтарға сөз қалмады", "Неге соңғы уақытта осындай жігіттер қаптап кетті - деп шүйлікті олар.