$ 448.56  478.03  4.79

Тобыл өзенінен әйелдің мәйіті табылды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қостанайдан үш шақырым қашықтықта Тобыл өзенінен 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

49 жастағы әйел 27 маусымда түнгі он жарымдар шамасында өзен жағасында жоғалып кеткен болатын. Құтқарушылар оның денесін 28 маусымда тапты.

«Сүңгуірлер оқиға болған жерден 1,5 шақырым төмен қарай іздеу кезінде әйелдің мәйітін тауып, жағаға алып шықты және полицияға тапсырды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген аталған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тобыл