Түркістан облысы Бәйдібек ауданында полицейлер өрт қою жайты бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 маусымда Бәйдібек аудандық полиция бөліміне Боралдай ауылында белгісіз жағдайда үш МТЗ-80 тракторы жанып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі "Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру" бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Тергеушілер тарапынан бірқатар сараптамалар тағайындалды. Өз кезегінде Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар, қасақана өрт қойған күдіктілердің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.