Оқиғалар 30.06.2020 сағат 04:22

«Темірмен ұрып өлтіремін»: күдікті 21 жастағы қызды терезеден кіріп, күштеп алып қашты

Айғақты зат ретінде одан тістеуік пен сайман темір тәркіленді.
«Темірмен ұрып өлтіремін»: күдікті 21 жастағы қызды терезеден кіріп, күштеп алып қашты
Фото: polisia.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысында ер адам түнде қыздың жатын бөлмесінің терезесін бұзып кіріп, күштеп алып қашқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Түнгі сағат 01.00 шамасында Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны өзінің 21 жастағы қызын түнде біреулер терезеден кіріп, ұрлап кеткені туралы арызданған. Ол белгісіз біреулердің терезені сындырып, үй ішіне кіріп, ұйықтап жатқан қызын қорқытып-үркітіп, белгісіз жаққа алып кеткенін айтты.

"Қаскелең қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ішінде соққыға жығылған, ұрланған қыз бен оны ұрлады деп күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны бар LEXUS 470 көлігін тоқтатты. Жәбірленушіні ұрлаған бұрын жүрген жігіті болып шықты. Бірақ арадағы байланысты үзгендіктен жігіт қызға ұрын келген, қолындағы тістеуікпен ағаш терезенің шегесін суырып, ішке кірген, сөйтіп қолындағы доңғалақ жөндеуге арналған темірмен ұрып өлтіремін деп қорқытып, қызды алып қашқаны анықталды. Адам жоқ бірнеше жерге тоқтаған жігіт тәртіп сақшылары ұстап алғанға дейін қызғаныштан қызды көзі-басына қарамай ұрып, тепкілеген, - деді Алматы облысы Қарасай аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты зат ретінде одан тістеуік пен сайман темір тәркіленді. Келтірілген дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы, яғни "Адам ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар