$ 449.58  486.94  4.86

Алматыдағы сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

Дерек бойынша онда жарылғыш құрылғы салынған.
Фото: kaz.nur.kz
Фото: kaz.nur.kz

Алматыдағы ADK сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды. Полицияға ғимараттың ішіне бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта қаланың шұғыл әрекет ету қызметтері осы сауда орталығында тексеру шараларын жүргізуде.  Дерек бойынша онда жарылғыш құрылғы салынған. Қаланың барлық шұғыл қызметтері жұмылдырылып, осы сауда орталығы қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді. Патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын алып кетумен де айналысуда", - деді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция аталған шараларға түсіністік танытуды сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары