Қолына пышақ ұстаған бұзақы тікелей эфирде міндетін атқарып тұрған CNN Brasil тілшісін тонап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналистің тоналған сәті түсірілген видео қазір желіде қарқынды түрде таралып жатыр.
Бруна Маседо есімді журналист Бразиялиядағы Сан-Паулу көшелерінің бірінде тікелей эфир жүргізіп тұрғанда, кһпірде тұрған адам ұзақ уақыт бойын, түсірілім тобын аңдиды. Содан кейін тілшінің қасына келіп, оны бір зат арқылы қорқыта бастаған. Осы оқиғадан кейін БАҚ-да оның қолында пышақ болғаны хабарланды.
Ал тілші болса, қарақшының екі телефонды алып кеткенін, өзі аман екенін айтты. Полиция болса, журналисті тонаған адамды осы оқиғадан соң бірнеше сағат өткенде ұстаған.
Тілшінің басынан өткен оқиғадан хабардар желі қолданушылары оны қолдады. Бруна Маседо Instagram парақшасы арқылы қолдаушыларына алғыс білдірді.