Алматыда 78 жасында журналист Вадим Махин қайтыс болды, деп жазды Sputnik Қазақстан.
Суық хабарды "Казахстанская правда" газетінің фототілшісі Юрий Беккер хабарлады.
"Вадим Валентинович Махин қайтыс болды", - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Журналистің бұрынғы әріптестері марқұм орталық клиникалық ауруханада жыл сайынғы тексерістен өткенін айтты. Оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.
Вадим Махин 1941 жылы 8 қыркүйекте қазіргі Семей қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.
1959-1964 жылдар аралығында Алматыдағы Қазақ мемелекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған.
1966-1975 жылдар аралығында Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс істеді.
1995 жылы "Казахстанская правда" газетіне қызметке орналасты. Махин бұл редакцияда 20 жыл жұмыс істеді.