$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетау түрмесінде бір мезетте 4 адам көз жұмып, бірнеше шенді қызметінен қуылды

Бірақ, адам өліміне әкелген жағдайдың нақты неден болғанын әзірге полициядағылар айтпай отыр.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Көкшетауда абақтыда болған төтенше жағдайға қатысты бірқатар шенділер қызметінен қуылды. Бірақ, қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әкімшілік қамауда отырған 6 адам ауруханадан бір мезетте ес-түзсіз шыққан. Төртеуі сол ауруханада ес жимастан бақилық болды.

Қызметтік тексерістен кейін енді Ақмола облыстық Полиция департаментіне қарасты қабылдап-тарату мекемесі бастығының орынбасары, сол күні кезекшілік атқарған 3 қызметкер де ішкі істер органынан қуылды.

Абақтының 3 қызметкеріне қатысты «қызметтегі әрекетсіздіктер» бабымен тергеу басталды. Көкшетау қалалық полиция басқармасының басшылары да жазадан құтылған жоқ. Қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бірақ, адам өліміне әкелген жағдайдың нақты неден болғанын әзірге полициядағылар айтпай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары