Алматы облысында 77 жастағы кейуана соққыға жығылып, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соққыға жығылған әжей түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде Жаркент қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілген. Тергеу барысында анықталғандай, түнде оның үйіне белгісіз біреудің басып кіріп, әжейді соққыға жыққаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Жаркент қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
«Өкінішке қарай, соққыға жығылған әже алынған дене жарақаттары салдарынан бүгін көз жұмды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.