$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында ұшаққа жай түсті

Рейс Алматыға ұшайын деп дайындалып тұрған.
фото: pavlodarnews.kz
фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда әуежайда тұрған FlyArystan ұшағына жай түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Борт Алматыға ұшайын деп дайындалып тұрған. «Инженерлер ұшаққа жай түскенін растады. Ұшақ Павлодарда қалады, бортты техникалық тексеруден өткізу керек. Оқиға орнында инженерлер жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады лоукостердің PR менеджері Ләззат Нәбиева. 

Оның айтуынша, ұшаққа ештеңе болмауы да мүмкін. Бірақ техникалық регламент бойынша бәрібір инженерлік-техникалық тексеруден өткізіледі. Компанияның мәліметінше, 133 жолаушы белгіленген уақыт - сағат 18:33 кезінде Алматыға ұша алмаған. Оларды діттеген жеріне жеткізу үшін Астанадан басқа ұшақ ұшып шыққан.

Ләззат Нәбиеваның сөзіне сенсек, регламент бойынша күту кезінде жолаушыларға әуежайда сусын мен тамақ берілген. Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 4 шілде күні облыста найзағай жарқылдап, дауыл соғатынын ескерткен болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары