$ 494.87  520.65  4.91

Арқалықта бірнеше адам этанолдан уланып, 11 адам көз жұмды

Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 5:20 кезінде ауруханаға түскен.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Арқалықта бірнеше адам этанолдан уланып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 5:20 кезінде ауруханаға түскен. Бүгін уланған 9 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Арнайы сараптама бекітілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», делінген полицияның ақпараттық хабарламасында. Мамандар қылмыстық істің барысын бақылауға алды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары