07.07.2020, 11:40

Елордада көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр

Құтқарушылар оқиға орнына барды.

Елордада көпқабаттың үйдің шатыры өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Сағат 11.03-те өрт сөндіру қызметіне Республика даңғылы бойындағы 9 қабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр деген ақпарат түсті. Құтқарушылар оқиға орнына аттанып кетті», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.