$ 448.15  483.46  4.86

Мысығын жанына алып жатқан әйел көз жұмды

Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылардың айтуынша, орта есеппен аптасына бір адам мысықтың сілекейіндегі бактериялардың әсерінен ауруханаға жеткізілетінін айтты.
Фото: tuszhoru.kz
Фото: tuszhoru.kz

Австралиялық Мельбурн қаласының тұрғынын мысығы тырнап, жарасын жалаған соң, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы 7News арнасының сайтында хабарланды. Өз аты-жөнін жасырып қалғысы келген отбасы 80 жастағы әйел Минти есімді мысығымен жиі ұйықтайтынын айтты. Мамыр айында әйел үй жануарының қасында қайтадан ұйықтап қалған. Шамасы, Минти оны түнде тырнап, содан кейін жараны жалаған.

Нәтижесінде жануардың сілекейі қанға еніп, әйел бактериалды менингитті жұқтырып алады. Зейнеткер ауруханаға жеткізіліп, тоғыз күн комада жатты. Ол өмірді жасанды қолдау жүйесінен ажыратылғаннан кейін көз жұмды.

"Мен қатты таң қалдым. Мен бұл мысықты жек көрмеуге және оған мейірімді болуға тырыстым. Бірақ ол маған ешқандай себепсіз шабуыл жасады", - деді марқұмның қызы.

Жұқпалы аурулар жөніндегі сарапшылардың айтуынша, орта есеппен аптасына бір адам мысықтың сілекейіндегі бактериялардың әсерінен ауруханаға жеткізілетінін айтты.

Мысықтардың шамамен 40 пайызы өмірлерінің белгілі бір кезеңдерінде bartonella henselae бактерияларының тасымалдаушысы болады. Асқынулар сирек кездеседі, бірақ иммундық жүйесі әлсіреген балалар мен ересектерде бактериялар миға, көзге, жүрекке немесе басқа ішкі органдарға зиян келтіруі мүмкін, деп жазады КТК телеарнасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары