$ 448.15  483.46  4.86

Билік Сардобада қайта тұрғызылған үйлерді қиратып тастады (ВИДЕО)

Олар үйлерін қорғаған әйелдерді ұстап, автозакқа қамап қойды.

Өзбекстанның Сырдария облысы Мирзаабад ауданының басшысы 6-7 шілдеде жүз шақты милициямен Солин ауылына келіп, су шайған елді мекенде қайта тұрғызыла бастаған үйлерді ауыр техникамен сүргізді, деп хабарлайды centralasian.org.

1 мамырда Сардоба су қоймасы жарылып, Солин ауылындағы 62 үйді су шайып кеткен. Қираған үйлердің иелері 40 миллион сум (шамамен $4 мың) өтемақы алып, баспананы қайтадан тұрғыза бастаған. Бірақ аудан басшылығы оларға бұл жерге үй салуға рұқсат бермей отыр. Ташкенттен келген бас жоспарда тұрғындар үйді басқа жерге салуы тиіс.

Куәгерлердің айтуынша, Мирзаабад ауданының әкімі Хамид Абдуллаев тұрғындармен 6 шілдеде түстен кейін кездескен. Аудан басшысымен бірге ауылға жүз шақты милиция қызметкері келді.


"Біз құрылыс материалдарыңызды тасып бере аламыз. Сіздер жаңа жерге барып, үйді сонда салу керексіздер. Жер жетеді", – дейді Абдуллаев.

Жергілікті тұрғындар халықтан неге рұқсат сұрамады деген сауал қойған. "Мен халықтың келісімін алуға міндетті емеспін" деп жауап берген аудан әкімі. Халық ауылдан көшуден бас тартқан. Содан кейін құқық қорғау қызметкерлері жергілікті тұрғындарға күш көрсете бастаған.

"Олар үйлерін қорғаған әйелдерді ұстап, автозакқа қамап қойды. Ауыр техника үйлерді сүріп болғаннан кейін ғана оларды босатты", - деді Солин ауылының бір тұрғыны.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары