$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда 2 жасар баланы көк ала қойдай сабаған ер адам ұсталды

2 жастағы қорғансыз, дәрменсіз бала қазір №1 қалалық ауруханада жатыр.
Фото: instagram.com/megapolis.kz
Фото: instagram.com/megapolis.kz

Алматыда 2 жасар баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Автордың айтуынша, бала тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған.

«2 жастағы қорғансыз, дәрменсіз бала қазір №1 қалалық ауруханада жатыр. 23 жастағы анасы Кристина Кряжевская баланың көк ала қойдай сабалған суреттерін әкесіне жолдаған. Оның айтуынша, нақсүйері Виктор Маркс баланы аяусыз ұрған. Екі қабырғасын сындырған. Баланың туған әкесі полицияға шағымдануын сұрағанда әйел баланы алып қашып кеткен»,- делінген жазбада.

Полиция департаменті баланы ұрған ер адамның ұсталғанын хабарлады.

Қазір бұл іспен Алмалы аудандық ПБ айналысып жатыр.

«Баланың кім екендігі бірден анықталды. Оның анасы бізбен сөйлесуге құлықсыз болды. 3 жасқа толмаған бала қазір ауруханаға жатқызылды. Қосымша сот медициналық сараптама тағайындалды. Соған сәйкес баланың денсаулығына келтірілген нұқсан көлемі анықталады», - деді полиция департаменті.

Баланы ұрды деген күдікпен 32 жастағы ер адам ұсталды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлімі бойынша жауапкершілік қарастырылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, баланың жағдайы қазір тұрақты. Миы шайқалған. Алайда, қабырғалары сынбаған. Қазір нейрохирургия бөлімінде емделіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары