$ 446.49  475.38  4.79

Автобус көлге құлап, 21 адам көз жұмды (ФОТО)

16 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, автобус көлден шығарылды
Фото: ktk
Фото: ktk

Қытайдың Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысындағы Аньшунь қаласында автобус көлге құлап, 21 адам мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі күні түстен кейін болған. Автобус қоршауға соғылып, Хуншань көліне құлап кеткен. Аньшунь қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі муниципалдық басқарманың хабарлауынша, құлаған автобустан 37 адам шығарылған. Автобус жүргізушісін қоса алғанда, олардың 20-сы мерт болған.

Тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. 16 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Жергілікті құтқару қызметінің мәліметінше, автобус көлден шығарылды. 1 100-ден астам құтқарушы жоғалған жолаушыларды әлі де іздестіруде. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары