Оқиғалар 09.07.2020 сағат 10:40

18 жастағы бойжеткен есірткімен ұсталды

Тәртіп сақшыларының айтуынша, сотқа дейінгі тергеу материалдарынан күдіктінің бірнеше ай бойы интернет-дүкен арқылы есірткі сатып алып, аса қауіпті затты саудалағаны анықталған.
18 жастағы бойжеткен есірткімен ұсталды
Фото: .inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Петропавлда 18 жастағы бойжеткен есірткі қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, петропавлдық бойжеткеннен полицейлер 40 граммға жуық мефедрон синтетикалық есірткі тәркіледі. Әсері күшті әрі аса қауіпті есірткінің бұл түрі Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет анықталып отыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жедел іс-шаралар, оның ішінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. Пәтерде есірткіге ұқсас зат салынған түйіншек табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама заттың мефедрон екенін растады», - деді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Сондай-ақ, полицейлер пәтерден буып-түйетін материалдарды, ноутбуктарды, таразыны және басқа да есірткі кәсібін растайтын заттарды тапты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, сотқа дейінгі тергеу материалдарынан күдіктінің бірнеше ай бойы интернет-дүкен арқылы есірткі сатып алып, аса қауіпті затты саудалағаны анықталған. Қазіргі уақытта сот сараптамасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар