Өзбекстанда Самарқанд облысы Кушрабад ауданына қарасты Навбахор ауылының 34 жастағы тұрғыны Ориф Назаров милицияның аудандық бөлімінде қайтыс болды, centralasian.org.
Назаровтың ата-анасы марқұмның мәйітін 5 шілдеде алған. Олар денедегі іздерді көріп, баласын милиция қызметкерлері ұрып өлтірген деп отыр. Дегенмен Самарқанд облысының ішкі істер басқармасындағылар Ориф Назаров "жүрек талмасынан" қайтыс болды деп хабарлаған.
"5 шілде, жексенбіде учаскенің инспекторы мені аудандық бөлімге шақырды. Бөлім ғимаратының екінші қабатында өзін таныстырмаған бір кісі менен бауырым туралы сұрай бастады. Ол өте дөрекі сөйлесті. Мен болғанын сұрағанымда, ол бауырымның талмасы ұстағанда тілін жұтып қойып, содан қайтыс болғанын естіртті. Бұл оқиғаның қашан және қалай болғанын ол түсіндіріп жатпады", – деді марқұмның інісі Маруф Назаров.
Ориф Назаровтың ата-анасы жерлеу рәсіміне дейін оның денесіндегі іздерді видеоға түсіріп алған. Марқұмның денесінде тілік ізі қалған. Өзбекстанның құқық қорғау жүйесінде жұмыс істейтін маманның айтуынша, тілік ізі мүрдені кескеннен қалған дейді.