Тәжікстанда Душанбе гарнизонының әскери трибуналы қатардағы жауынгер Отабек Ибрагимовті қызметтен жалтарды деп таныды. Мұнымен оймай, оны екі жылға соттады. Бұл туралы centralasian.org, жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлады.
Ибрагимов 2019 жылы 12 қарашада әскер қатарына қабылданған. Сол жылы желтоқсанның аяғына таман ол 17 тас жұтқан. Сарбаз осындай әрекеті арқылы ауруханаға түсіп, әскерден босағысы келген.
Тәжікстанда әскер қызметінен жалтарғандарды бес жылға дейін соттауы мүмкін. Соғыс кезінде осындай қылмыс жасағандар 20 жылға дейін түрме жазасына кесіледі.
Сот материалдарына қарағанда, қатардағы сарбаз әуелі жеті тас жұтқан. Оны қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіне ауыстырған. Бірақ бұның әскерден босауға негіз еместігін түсінген Ибрагимов 31 желтоқсанда тағы он тас жұтқан.
Сот хабарламасында Ибрагимов "әскер қызметіндегі жағдайға төзе алмағаны" айтылған.